- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы халқын әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Алматы халқын әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
7 Наурыз, 2017 10:56
Алматының әлеуметтік аз қамтылған халық тармағын қолдауға 1,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы 6 шақырылымның кезектен тыс XIV сессиясында белгілі болды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау қалалық басқармасының жетекшісі Мақсат Кикимов айтып өткендей, биылғы жылы әлеуметтік аз қамтылған халыққа 1,4 млрд теңге бағыттау жоспарланған.
Оның 20 млн теңгесі I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арба сатып алу үшін бөлінеді, 500 млн теңгесі 2,5 мың алушыға сурдо-тифлотехникалық заттарды алуға бағыттылады.
Сондай-ақ, қаланың мүмкіндігі шектеулі жандарына жеке қызмет пен гигиеналық қажеттілік, емделуге қолдау көрсетіледі. Ол үшін бюджеттен 586 млн теңге бөлінеді. Айта кетерлігі, «Инватакси» қызметіне қосымша 40,9 млн теңге бөлінеді.
Айта кетейік, биыл Алматы бюджеті 513,9 млрд теңгеге тең.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары