• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

7 Наурыз, 2017 09:24
Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады primeminister.kz.

ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, ертең ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған. 

Айта кетейік, Үкіметаралық кеңес – Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы. ЕҮАК ЕуразЭО туралы Келісімшартты, халықаралық келісімшарттарды және Жоғарғы кеңестің шешімдерін жүзеге асыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.  

 

Барлық жаңалықтар