Астанада 2013 жылдың 11 айында 10 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

18 Желтоқсан, 2013 10:05
Астанада 2013 жылғы қаңтар-қарашада жалпы ауданы 1 032 373 шаршы метрлік 9 536 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордада 2013 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 110 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар- қарашада - 92,2 мың теңге), ал пайдалы ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 144,6 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-қарашада - 125,8 мың теңге), соның ішінде жеке салушылармен салынғаны 53,6 мың теңгені құрады», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жеке салушылармен жалпы ауданы 74 592 шаршы метрлік тұрғын үй салынған, бұл 2012 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне шаққанда 165,1%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2012 жылғы қаңтар-қарашадағы 3,8% қарағанда 7,2% құрады. 

 

Барлық жаңалықтар