- Басты
- Жаңалықтар
- Астана бюджетінің кіріс бөлігін 11 млрд теңгеге көбейту жоспарланған
Астана бюджетінің кіріс бөлігін 11 млрд теңгеге көбейту жоспарланған
Елорда мәслихатында кезектен тыс сессия шеңберінде қаржы жылының басындағы еркін қалдықтарды бөлу мәселесі қаралды.
Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы баяндамамен Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин сөз сөйледі. Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсіміне сәйкес нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігін 11,0 млрд теңгеге ұлғайту көзделген. Сонымен бірге, республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде 77,5 млрд теңге көлемінде трансферттер қосымша бөлінді, деп мәлім етті әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, бюджет қаржысын игеру мониторингі нәтижелерінің негізінде шығыстарды ішкі қайта бөлу жүргізілді, ол қаржы елорданы дамыту бойынша бірқатар міндеттерді шешуге бағытталады.
Атап айтқанда, су тасқындарына қарсы шараларға, көшелерді механикаландырылған жинау жұмыстарына, жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау нысандарын жылумен қамтуға, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді сатып алуға, ЭКСПО-2017 көрмесіне еріктілерді дайындауға, апатты және ескі үйлерді бұзуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға қаржы қарастырылған.
Талқылау барысында депутаттар «Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы үшін ғимарат салу, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін баспанамен қамту, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің аумақтарын қардан тазалауға қаржы бөлу мәселелерін көтерді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Әлиби Жұмаев депутаттарының қарауына «2016-2018 жылдары іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік жобаларының тізімі туралы» мәселені шығарды. Әкімдіктің өкімімен 10 балабақша енгізілген жобалардың тізімі мақұлданды. Қажет процедуралардан өтіп, келісімшарттарға қол қойылған соң әлеуетті инвесторлар жоғарыда аталған нысандардың құрылысына кіріседі, деп мәлім етті Ә. Жұмаев.
Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының шешімімен мемлекеттің қажеттіліктеріне жер телімдерін алуға байланысты жер телімдерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімшарттардың жобасы келісілді, Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның, Астана қаласында жер телімдеріне құқықтар беру комиссиясының, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде апатты үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша Тұрғын үй комиссиясының құрамдары бекітілді.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды