- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Ермекбаевқа дін саласындағы заңнаманы қайта қарауды тапсырды
Н.Назарбаев Ермекбаевқа дін саласындағы заңнаманы қайта қарауды тапсырды
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі мен алдағы жұмыс жоспары туралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті дін саласында қалыптасып отырған жағдайға тоқталып, министрліктің рөлін, оған жүктелген міндеттерді ерекше атап өтті.
"Бұған дейін бізде мұндай министрлік болған жоқ. Діни қоғамдастықтармен, үкіметтік емес сектормен және жастар ұйымдарымен жұмысты жолға қойып, оны әрі қарай жалғастыру қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы мемлекеттің дінге және діни ұйымдарға, діни экстремизммен күрес шараларына қатысты жүргізіп отырған саясатына айрықша назар аударды.
"Елімізде кез-келген діни бірлестіктің жұмыс жүргізуіне барлық жағдай жасалған, дін ұстану бостандығына кепілдік берілген. Бұл салада бізге байыптылық керек. Сонымен бірге діни экстремизм мәселелерін реттеп, заңнаманы қайта қарастыру қажет. Министрлік алдында ауқымды жұмыстар тұр", – деді Мемлекет басшысы.
Н.Ермекбаев Қазақстан Президентіне өзі басшылық ететін саладағы жағдайдың тұрақты екенін туралы хабарлап, бүгінде елімізде қызметін жүргізіп отырған 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар екенін айтты. Министрдің ақпараты бойынша, бірлестіктердің көбі ислам дініне тиесілі.
Сондай-ақ, Н.Ермекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестіктердің қазақстандық өзара іс-қимыл моделін қалыптастыру бағытындағы жұмысы туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус