- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Әбдіров: Астананы қайта атау – жергілікті органдардың құзыреті
Н.Әбдіров: Астананы қайта атау – жергілікті органдардың құзыреті
«Парламент палаталарының депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірлескен отырыста декларация қабылдап, онда депутаттардың Астананы қайта атау керектігі туралы пікірі айтылған болатын, алайда, қазіргі уақытта комиссияға жазбаша ұсыныстар түспегендіктен, астананы қайта атау туралы сөз қозғалған жоқ», – деді Н. Әбдіров.
Депутат қаланы, әуежайды, қандай да бір нысандарды қайта атау Парламенттің құзыретіне жатпайтынын атап өтті.
«Бұл жергілікті органдардың құзыреті. Бізде университеттердің көп бөлігіне еліміздің атақты адамдарының есімі берілген. Еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқан мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы туралы сөз қоззғалған жағдайда – бұл дәл осындай одан әрі талқылауды талап етеді», – деп нақтылады Н. Әбдіров.
Сондай-ақ, спикер бүгінгі реформа еліміздің беріктігі мен нығаюының қоры екенін атап өтті.
«Бүгінгі реформа беріктік қорын құрады, елімізді, мемлекеттігімізді нығайтады, біз, ең алдымен, осы жайында ойлануымыз керек», – деп қосты Н. Әбдіров.
Атап өтейік, Астананы қайта атау 2013 жылы ұсынылған болатын, Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев астананы Нұрсұлтан қаласы етіп қайта атау туралы ұсынды. 2009 жылы Әзірбайжанның елшісі Лятиф Гандилов Астананы Сұлтан-Ата етіп өзгертуді ұсынды. 2016 жылғы қарашада депутат Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың атын Астананың атауында көрсетуді ұсынды. 2017 жылғы 3 наурызда Парламент палаталарының бірінші бірлескен отырысында депутаттар Астананы Н.Назарбаевтың атымен қайта атау туралы айтқан болатын.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 26 ақпанда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бүкілхалықтық талқылау аяқталды. 3 наурызда бірінші оқылымда депутаттар конституциялық өзгерістерді мақұлдады. Мемлекет басшысы ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізу көзделеді. 6 наурызда бірлескен комиссия заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе