• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Павлодар облысында жылына 300 тонна ет өндіретін ет өңдеу кешені салынады

2014 жылы Павлодар облысында жылына 300 тонна ет өндіретін ет өңдеу кешені салынады

18 Желтоқсан, 2013 10:03
«Дәнекер» шаруа қожалығы 2014 жылы өндіріс қуаты жылына 300 тонна ет өндіретін ет өңдеу кешені салынады, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Дәнекер» ШҚ» ЖШС 2014 жылы «Е.М.F» неміс компаниясының құрылғыларымен жарақтандырылған ет өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Жоспарланып отырған өндіріс қуаты жылына 300 тоннаны құрайды.

Кәсіпкерлік басшылығының жоспарынша, арнайы стейк дайындау үшін мраморлы ет те өндіріске енгізілмек.

Айта кету керек, жыл соңына дейін «Дәнекер» шаруашылығы Канададан ангус тұқымды 350 бас мал әкелмек.

Жалпы, ЖШС-тің басты бағыты мал өсіру, және картоп егу және басқа шаруашылықтар. 2012 жылдан бастап кәсіпкерлік 30 жұмыс орнын ашуға сеп болған 1 037,0 млн теңгенің инвестициялық жобасын іске асырып келеді.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 432,7 млн теңгеге инфрақұрылым салу көмегі берілген.

Қазіргі таңда шаруашылықта 409 бас ірі қара бар.

Барлық жаңалықтар