Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде

6 Наурыз, 2017 10:13
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде, оның аясында екінші оқылымда конституциялық реформалар қаралады.

ҚР Парламенті  бүгін  екінші оқылымда «ҚР Конституциясына  толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы»  заң жобасын  қарайды.

26 ақпанда «ҚР Конституциясына  толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы»  заң жобасын бүкілхалықтық талқылау аяқталды.

Конституциялық реформалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен   Президенттің бірқатар өкілеттігін Үкімет пен Парламентке беруді қарастырады. Өз пікірлерін танымал адамдар мен Үкімет мүшелері,  мемлекеттік ведомство өкілдері, саяси партия өкілдері мен депутаттар білдірді.

3 наурыз бірінші оқылымда депутаттар  конституциялық өзгертулерді мақұлдады.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар