Қазақстан демократияның классикалық моделіне кезеңдеп өтеді – Ершов

6 Наурыз, 2017 09:41
Қазақстан демократияның классикалық моделіне кезеңдеп өтеді, деді Парламент Сенатының қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Ершов Қазақстандағы конституциялық реформаларға қатысты пікірінде.

«Конституциялық өзгертулер осыдан  10 жыл бұрын, 2007 жылы Парламент  өкілеттігін кеңейту,  жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен саяси партияның мәртебесін нығайту туралы   реформасының жалғасы болып табылады», - деді С.Ершов.

Сенатордың айтуынша, бүгінгі саяси жаңғыртудың маңызды  кезеңінің бірі Парламенттің ел жүйесінің конституциялық тұрақтылығын  нығайту саласында өкілеттігін  арттыру.

«Қазақстан әлемге елдің жаңғыртуы .рдісі демократияның классикалық моделін қалыпастыратынын көрсетті», - деді С.Ершов.

Айта кетейік,  3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  депутаттарға  «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын  ұсынды. Ол бойынша  Президент өкілеттігінің жартысы Үкімет пен Парламентке  тапысырылады.

 

Барлық жаңалықтар