• Басты
  • Жаңалықтар
  • Парламент пен Үкіметтің өкілеттігін кеңейту Жаңғырту 3.0 мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді – Ахметов

Парламент пен Үкіметтің өкілеттігін кеңейту Жаңғырту 3.0 мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді – Ахметов

6 Наурыз, 2017 11:52
Парламент пен Үкіметтің өкілеттігін кеңейту үшінші жаңғырту мақсаттарын тиімді орындауға мүмкіндік береді, деді Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов.

Парламент Сенатының қаржы және бюджет  комитетінде елдің Ата Заңына  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы белсенді талқылау өтті.  Талқылау барысында  комитет мүшелері  конституциялық реформаны  толық  қолдады, сондай-ақ, Парламент палаталарының бірлескен отырысында  айтылған ұсыныстарды да  жөн көрді.

«Парламент пен Үкімет өкілеттігін  кеңейту  үшінші жаңғырту мақсаттарын  тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституциялық реформаға  ұсынылып отырған өзгертулер  Үкіметтің  жауапкершілігі  мен  дербестігін арттырады. Оған экономиканы басқарып, қойылған мақсаттарды сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Р.Ахметов.

Сенатордың айтуынша,  Парламент рөлінің күшеюі  билік қабылдаған шешімдерді  тиімді реттеуге жәрдемдеседі.

Айта кетейік,  3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  депутаттарға  «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын  ұсынды. Ол бойынша  Президент өкілеттігінің жартысы Үкімет пен Парламентке  тапысырылады. 

Барлық жаңалықтар