Президенттің қызметін ҚР Конституциясына енгізген жөн – Абайділдин

6 Наурыз, 2017 09:26
Конституцияда Президенттің біздің мемлекеттіліктің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өту қажет, деді Қазақстандағы конституциялық реформалар туралы Парламент Сенатының депутаты Талғатбек Абайділдин.

Сенаттың  Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті  Конституцияға енген  толықтырулар мен өзгертулер туралы  ұсынысты қарап шықты.

«Конституцияда Президенттің  біздің мемлекеттіліктің қалыптасуына   қосқан зор үлесін  атап өту қажет. Біз Сенаттың   Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін   5 жыл атқаруы туралы  бастаманы маңызды деп есептейміз. Сондай-ақ, біз  Президент кандидаттығына үміткердің  жоғарғы білімі болуы қолдаймыз», - деді Т.Абайділдин.

 Депутаттың айтуынша,  Сенат комитеттері  қоғам алдындағы   жоғарғы саясилық пен жауапкершілікті сезінеді, сондықтан  конституциялық  реформа мәселесінде ешкім сыртта қалған емес.

«Біздің пікірімізше,  Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланған  барлық ұсыныс сараланған. Меніңше, халық бұл ұсыныстарды  қолдайды», - деді сенатор.

Айта кетейік,  3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  депутаттарға  «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын  ұсынды. Ол бойынша  Президент өкілеттігінің жартысы Үкімет пен Парламентке  тапысырылады. 

Барлық жаңалықтар