- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей Президенттері Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуді өткізу мәселесін талқылады
Қазақстан мен Ресей Президенттері Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуді өткізу мәселесін талқылады
4 Наурыз, 2017 19:14
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
фӘңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Алматыдағы соңғы кездесулерінде қарастырылған мәселелер тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті жайттарын талқылады.
Мемлекеттер басшылары Владимир Путиннің таяуда Тәжікстан мен Қырғызстанға барған сапарына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ресей Президенті жаңа ғана аяқталған Женева келіссөздері аясында сириялық оппозицияның әскери құрылымдарының Сириядағы дағдарысты реттеу мәселелеріне арналған кезекті кездесуін биылғы наурыз айының ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті мұндай келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенімізді мәлімдеді.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды