- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеттерінде Конституцияға түзетулер қаралды (ФОТО)
Сенат комитеттерінде Конституцияға түзетулер қаралды (ФОТО)
4 Наурыз, 2017 15:42
Парламент Сенатының тұрақты комитеттерінің отырыстарында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Заң жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен саяси жүйені одан әрі демократияландыру мақсатында әзірленді. Тұрақты комитеттер заң жобасына, сондай-ақ Парламент Палаталарының бірлескен отырысындағы бірінші оқылымда мақұлданған ұсыныстарға қолдау білдірді.
Комитеттердің қорытындылары Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясына берілді. Бірлескен комиссияның құрамына Парламент Сенатынан Серік Ақылбай, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Қайрат Ищанов, Дулат Құсдәулетов, Дариға Назарбаева, Людмила Полторабатько сайланды.
Комиссия Парламент Палаталарының 6 наурызда болатын бірлескен отырысында екінші оқылымда қарау үшін қорытынды салыстырмалы кесте әзірлейтін болады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Бюджет кодексі: өзгерістер мен түзетулер -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
ҚР дипломатиялық қызметi туpалы заң жобасына қандай түзетулер енгізілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді -
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды