- Басты
- Жаңалықтар
- Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық бастамасын қолдаймыз – Сапарбаев (ФОТО)
Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық бастамасын қолдаймыз – Сапарбаев (ФОТО)
Акцияны ұйымдастырушы – қоғамды нығайтуды, қайырымдылық мәдениетін дамытуды, мүгедек жандардың жарқын бейнесін қалыптастыруды мақсат ететін «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы».
2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, әлеуметтік ғылыми-өндірістік бірлестік қызметін қорытындылайтын және келесі жылдың бастауы болатын өзіндік алаңы болып табылатын акцияға қоғамдық өмірде, спортта және шығармашылықта үлкен жетістіктерге жеткен 160 мүмкіндігі шектеулі жан ат салысты.
Ағымдағы жылы өткен акция жанымыздағы әрбір жанның бірлескен және әлеуметтік жауапкершілігін насихаттауға бағытталды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселелерді шешуге көп көңіл бөлетінін атап өтті.
«Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы көлемді жұмыстар атқаруда, мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрілей, материалдық көмек беріп, олар үшін жұмыс, баспана сұрайды. Мұның бәрі олардың жүрегінің кеңдігімен ұштасып жатыр. Өйткені олар қоғам үшін игі іс атқарып жүр. Әрине, біз сіздің бастамаңызды қай жағынан да қолдаймыз, әлеуметтік мәселелеріңізді шешуге көмектесеміз,-деп уәде берді өңір басшысы.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылы мүгедек жандарға мемлекеттік қордан 32 пәтер бөлінген болатын. Бұдан бөлек, Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына облыстық әкімдік тарапынан 1,5 млн теңгенің сертификаты мен инватакси берілді. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үй қорынан бөлінетін баспананы алғанға дейін тұратын уақытша 5 пәтер бөлінді.
Ақтөбе облысында 24 мың мүгедек болса, олардың екі мыңы 16 жасқа дейінгі балалар. Оларға қолдау көрсетіп, жәрдем беру үшін жыл сайын миллиардтаған теңге көлемінде қаражат бөлініп отырады.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында