- Басты
- Жаңалықтар
- Көне Уффици галереясы ЭКСПО-2017 қонақтарына көрмесін ұсынуға дайын
Көне Уффици галереясы ЭКСПО-2017 қонақтарына көрмесін ұсынуға дайын
Галерея өкілдері экспозияциясын ЭКСПО-2017 көрмесіндегі қазақстандық және шетелдік туристердің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзгерту мен кеңейтуге ниет білдіруде.
Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова және Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында барша әлемге танымал Уффици галереясымен бірге мәдени жоба ұйымдастыру мәселесін талқылады.
Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында әлемнің ең танымал музейлерінің бірі болып табылатын Уффицидің көрмесін ұйымдастыру халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасын безендіре түсетіндігіне сенімін білдірді.
«Классикалық мәдениет пен Жаңғыру кезеңінің, сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихындағы көптеген көрнекті өкілдердің отаны болып табылатын Италиядан қонақты қарсы алу біз үшін үлкен абырой. Музей саласындағы көшбасшылардың бірі – Уффици галереясының түрлі ұсыныстарымен танысып, оларды талқылауға Қазақстанның дайын екенін білдіремін», - деді А.Райымқұлова.
Стефано Раваньян қазақстандық әріптестеріне қонақжайлығы мен Қазақстан мен Италияның екіжақты мәдени ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге бағытталған ұдайы ұмтылысы үшін алғысын білдірді.
«Астанада ең жас, алайда бүгінгі таңның өзінде-ақ ең табысты музейлердің бірі орналасқан. Болашақта ол әлемге танымал өнер орталығына айналатынына сенімдімін. Қазақстанның Ұлттық музейінің Уффици галереясы секілді музей ісі «ақсақалдарымен» тығыз байланысы бізге екі жақты пайда алып келеді деген сенімдемін. Өз жағымыздан сізге бұл істе кез келген қолдау көрсетуге дайын екендігімізді сендіремін», - деді Елші.
Уффици галереясының директоры Айке Шмидт музей ісі саласындағы қазақстан-италияндық ынтымақтастықты нығайту туралы өз ұсыныстарымен бөлісті. Көне итальяндық музейдің жетекшісі айтып кеткендей, екі мемлекеттің кәсіби саладағы өзара байланысы екі мәдени бағытқа негізделуі мүмкін. Олардың қатарында – көрмелер ұйымдастыру және ақпарат, білім алмасу мен мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бар.
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері