• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2018 жылдан бастап Қазақстанның ауылдары өз бюджетін өз бетінше қалыптастыратын болады

2018 жылдан бастап Қазақстанның ауылдары өз бюджетін өз бетінше қалыптастыратын болады

4 Наурыз, 2017 12:38
2018 жылдан бастап Қазақстанның ауылдары өз бюджетін өз бетінше қалыптастыратын болады, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы Үкіметте қол қою үстінде, атап айтқанда, бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру мәселесі қаралуда.

«2018 жылдан бастап республикалық, облыстық және аудандық дәстүрлі бюджет деңгейлерінен басқа, ауылдардың өз бюджетін енгізу болжануда. Сондай-ақ, халық саны 2 мыңнан астам адамды құрайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде коммуналдық меншікті аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің деңгейіне беру күтілуде», – делінген хабарламада.

Осыған орай, өңірлерде осы заң жобасын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған. Бүгінгі таңда семинар-кеңестер Бурабай, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында өткізілген.

Семинар барысында жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру, бюджетті бекіту мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының штат саны мен жарақтандырылуы, әкімшілік есепке алуды жүргізу, ауылдың бекітілген бюджетін атқару мәселелері талқыланды. 

Барлық жаңалықтар