• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық паралимпиада шаңғышылары біліктіліктерін арттырып, Сочидегі олимпиадаға жолдама ұтып алды

Қазақстандық паралимпиада шаңғышылары біліктіліктерін арттырып, Сочидегі олимпиадаға жолдама ұтып алды

18 Желтоқсан, 2013 09:15
Қазақстандық бес паралимпиадашы Канаданың Альберта провинциясы Кэнмор қаласында өткен байрақты бәсекеде алғаш рет Тау шаңғысы бойынша әлем чемпионатына қатысып қайтты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның баспасөз қызметі.

ҚР паралимпиадашыларының тау шаңғысы бойынша бас бапкері Олег Коломеецтің айтуынша, команда өз міндетін орындады: барлық шаңғышылар арнайы паралимпиада біліктілігін иеленді.

«Өткен жылы біздің спортшылар біліктіліктен өтпеген еді. Оларда арнайы медициналық деңгей болмаған. Ал биыл бұл атаққа толықтай қол жеткіздік», - дейді О.Коломеец.

Құраманың барлық мүшелері ірі халықаралық жарыстарға қатысуға құқылы болып отыр.

Канадада құраманың жетекшісі Александр Колядин  20 км-лік спринтте қажетті нормативті орындай отырып, Сочиге жеңілдікті ұтып алды.

Енді спортшыларды Финляндиямен Германиядағы әлем Кубогына қатысуға жолдама алып отыр. Бас бапкер О. Коломеец түрлі жарыстар бойынша бес жеңілдікке қол жеткізуді жоспарлап отыр.

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар