2017 жылы 410 кооператив құрылады

3 Наурыз, 2017 18:04
Биылғы жылы 410 кооператив құру жоспарланған, 2016 жылы олардың саны 157 болған еді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында министрдің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.

АШМ бас міндеті – шағын  және   орта шаруашылықтарды кооперацияға тарту. Өткен жылы  157 кооператив  15 мың  жеке  шаруашылықты қамтумен жүзеге асырылды. Оның  негізінде  7 мың қоректендіру  алаңдары іске қосылды.

«2017-2021 жылдары  кооператив қызметімен  500 мың ЖАШ мен шағын шаруашылықтар қамтылды. Кооперативтер   өнімді  дайындау, сақтау мен тасымалдау және ветеринария, агрохимия  және өз мүшелерін несиелеумен айналысады», - деді Қайрат Айтуғанов.

Вице-министрдің  айтуынша, өңдеу өнеркәсіптерінің  қуаттылығын  20-25 пайызға арттырады.  Қазіргі таңда  орташа қуаттылық  60 пайыздан аспайды.

Аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін биылғы жылы   50 млрд теңге бағыттау  қарастырылған.

Ақбота Күзекбай

 

 

Барлық жаңалықтар