- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қазақстан-қытай теміржолшылары биыл жүк көлемін арттыруға уағдаласты
Алматыда қазақстан-қытай теміржолшылары биыл жүк көлемін арттыруға уағдаласты
Биылғы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы 10 млн. 990 мың тоннаға жеткізілмек. Оның ішінде қазақстандық экспорт 5,59 млн. тонна болса, Қытайдан келетін импорт және транзиттік жүк көлемін 5,4 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Өткен жылы екі ел арасындағы жүк айналымы 8,3 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 4,7 млн. тонна жүк шығарылса, импорт және транзиттік тасымал көлемі - 3,6 млн. тоннаға жеткізілді.
Бұл мәселе ақпанның 27 мен наурыздың3-і аралығындағы Темір жол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) аясындағы ҚР мен ҚХР темір жолдарының кіші топтарының отырысында қаралды.
ТЖЫҰ кеңесіне қатысушылар 2016 жылғы тасымал көлемінің орындалу қорытындысын жасап, 2017 жылы тасымалданатын жүк көлемін әрбір шекаралық өткелдер мен жүктердің түріне қарай тоқсандық жоспарларға енгізіп, өзара келісті. Мұның сыртында теміржол әкімшіліктері 2017 жылы орындалатын жүк тасымалдау көлемін келісу жұмыстарын, техникалық және ұйымдастыру шараларын белгіледі.
ТЖЫҰ жүк тасымалы комиссиясының төрағасы З. Аспаева ТЖЫҰ құрамына кіретін теміржол әкімшіліктерінің барлық экспорттық-импорттық, транзиттік жүктерін тасымалдау көлемін келісіп алуды маңызы зор екендігін атап өтті.
Алматыдағы кеңес отырысына Қазақстан, Вьетнам, Қытай, Монғолия, Ресей, КХДР теміржол әкімшіліктерінің және сыртқы қатынас ұйымдарының өкілдері қатысты.
ТЖЫҰ кезекті отырысы 2018 жылы наурызда Пхеньянда өткізілетін болады.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек