Қарағандыда биыл сауда мен қызмет көрсету саласында 10 нысан салынады

3 Наурыз, 2017 20:28
Қарағандыда биыл сауда мен қызмет көрсету саласында 10 нысан салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Алдағы уақытта сауда мен қызмет көрсету саласында ондаған нысан салу жоспарланған. Оның ішінде қонақ үйі мен мейрамханасы бар Неке қию сарайы, жаңа «Магнум» супермаркеті, «Еуропа» мейрамханасы, «Auto Good» автосалоны және «Рояль» бизнес-орталығы бар. 

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Ержанов к-сі, 28/1 мекен жайы бойынша жаңа емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, «Луч» нейро-реабилитациялық орталығы, Майқ аллергологиялық орталық пен ұдық балалар ауруханасының базасында балалар оңалту орталығы іске қосылады. 

Жақын арада, сондай-ақ, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылады, онда бассейн, күрес, бокс және ауыр атлетика залдары болады. 

Мұнымен қоса, биыл күрес орталығының құрылысы қолға алынбақ. Осылайша шенеуніктер өңірде спортты дамытуға және оны жастар арасында насихаттауға ниетті. Биыл үш аудандық мәдениет үйі, бес аула клубы жөнделеді және «Локомотив» стадионының футбол алаңының жабыны ауыстырылады. Осы мақсатта бюджеттен 250 миллион теңге бөлінді.

 

Барлық жаңалықтар