- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалық полиция қызметкерлеріне 11 автокөлік табысталды
Қызылордалық полиция қызметкерлеріне 11 автокөлік табысталды
«Соңғы 4 жылда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 5,7 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді. Оның ішінде, департаменттің «Жедел басқару орталығы» толық жаңғыртылып, іске қосылды. Көшелер мен тұрғын үй аулалары және адамдар көп шоғырланатын жерлерге бейнебақылау камералары орнатылды. Жол-патрульдік полиция құрылымы арнайы құрылғылармен жабдықталған 130 қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Бүгінгі тапсырғалы отырған жаңа автокөліктер алдағы уақытта полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресті қарқынды жалғастыруға, тұрғындардың тыныш та, уайымсыз өмір сүруіне өз септігін тигізіп, жұмыс сапасын арттыра түседі деген сенімдемін»,- деді облыс әкімі.
Сондай-ақ аймақ басшысы Қызылорда облысы ІІД қызметкерлерінің жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және кәсіби қызметтік дайындықтарымен танысты.
Жалпы алғанда, облыста криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыста өткен жылы тіркелген қылмыс саны 20 пайызға төмендеген, бұл - еліміз бойынша өте жақсы көрсеткіш. Қылмыстың азаюын барлық бағыт бойынша байқауға болады. Мәселен, ауыр қылмыс 10 пайыз, ұрлық 12 пайыз, бұзақылық 46 пайыз, алаяқтық 30 пайыз, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 21 пайызға төмендеп отыр.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі