- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт салынады
Шымкентте дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт салынады
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірлескен кәсіпкерлік топ биылғы жылы Шымкенттен дәрі-дәрмек пен медициналық қолданғыш заттар шығаратын зауыт ашқалы отырғанын жеткізді. Жобаның құны 34 млн АҚШ долларын құрайды. Дәрі-дәрмектің 50 түрін шығаруға ниеттеніп отырған компания басшылығы «Тассай» индустриалды аймағынан 7 гектарға жуық жер телімін беруді өтінді.
Сондай-ақ олар Шымкент қаласындағы «Sofia Towers» және «Арман» тұрғын үй және сауда орталықтарының құрылысын бастағалы отырғанын баяндады. Бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған қос кешеннің іргетасы алдағы мамыр айында қаланғалы отыр. Кәсіпкерлер бұл жобаларды Біріккен Араб әмірлігімен бірлесіп іске асырады. Құрылысқа бағытталатын инвестицияның 60 пайызын араб кәсіпкерлері құймақшы екен.
Кәсіпкерлердің жобаларымен танысқан аймақ басшысы қолға алынған жобаларды аяқсыз қалдырмай, межеленген мерзімде бітіруге шақырды.
«Жобаларыңыз жақсы. Дәрі-дәрмек шығаратын зауыттарыңызға «Тассай» индустриалды аймағынан жер бөлуге көмектесеміз. Д. Қонаев даңғылында бой көтеретін «Sofia Towers» тұрғын үй кешені мен Адырбеков көшесінде орналасқан «Арман» тұрғын кешенін де мерзімнен кешеуілдетпей аяқтау керек. Біріккен Араб Әмірлігіндегі қаржылық ұйыммен бірлесіп келісімге қол қойып отыр екенсіздер. Сәттілік тілейміз. Ең бастысы – қолға алынған жұмыс жүйелі әрі сапалы атқарылуы керек» , - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Өз кезегінде Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулькарим Хабиб мырза облыс әкіміне алғысын білдіріп, жобаларды қаржыландыруда қолбайлау болмайтындығын жеткізді.
«Уақыт бөліп арнайы қабылдағаныңызға алғысым шексіз. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетімен танысып шығып, керемет әсер алдым. Қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп, осы өңірде бірқатар жобаларды қолға алғалы отырмыз. Алға қойған мақсат-міндеттер жоғары деңгейде орындалады деген сенім мол» ,- деді шейх Хассан Абдулькарим Хабиб Мансур Алхерз.
Кездесу соңында аймақ басшысы Араб елінен келген арнайы қонақ пен отандық кәсіпкерлерді «Шымсити» жобасымен таныстырып, ұсыныс-пікірлері ескерілетінін жеткізді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады