Өскеменде Тәуелсіздік күні тойланды

17 Желтоқсан, 2013 11:45
Өскемендегі Республика алаңында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар өтті, деп BNews.kz хабарлады.

«22 жыл бұрын ерекше жаңалық болды. Орталық Азия төңірегінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасы пайда болды. Мемлекет жаңа демократиялық реформа мен экономикалық формацияны ала келді. Өз жолын іздеуде мақсаттар қойып алға ұмтылған елдің басында Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Қазақстанның қиын кезеңдерінде мойымай халықтың ел болып, біртұтас мемлекет болып шығуына өз септігін тигізді. Бұгінде Елбасының арқасында Қазақстан әлемге танымал болды», - деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Оның ойынша, Қазақстанның экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жариялағаннан кейін сенімділікпен жүзеге асты.

Облыс пен қаланың үздік ұжымдары мерекені кешке дейін жалғастырды. Қала тұрғындары жақсы әсер алып қайтты.

 

 
 
 

Барлық жаңалықтар