Қазақстан тарихымыздағы ең маңызды кезеңді бастан кешіруде – депутат

3 Наурыз, 2017 14:56
Қазақстан тарихымыздағы ең маңызды кезеңді бастан кешіруде. Бұл Парламенттің рөлін күшейтудің жаңа жағдайларында бізге жоғары жауапкершілік және жоғары талаптар қояды, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жамбыл Ақылбаев ҚР Мәжілісінде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң жобасын талқылау барысында.

«Қазақстан қазір тарихымыздағы ең маңызды кезеңді бастан кешіруде. Бұл Парламенттің рөлін күшейтудің жаңа жағдайларында бізге жоғары жауапкершілік және жоғары талаптар қояды», - деді Ж. Ақылбаев.

Ол заңнамалық билік заң шығарушы билік және ол мемлекет қызметін басқаруды ұйымдастырудың маңызды конституциялық қағидаты екенін атап өтті.

«Еліміздің заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде Парламенттің заңнамалық билігін айқындайтын Конституцияның 49-бабының 1-тармағына енгізуге ұсынылған түзету оған дәлел. Осылайша, билікті бөлу қағидаты конституциялық деңгейде анықталады, себебі заңнамалық билік бұл заң шығарушы билік, ал бұл халық оның көзі болып табылатын бірыңғай мемлекеттік билікті бөлуден көрінетін мемлекет қызметін басқаруды ұйымдастырудың маңызды конституциялық қағидаты. Оның мәні әрбір билік деңгейі өзіне заңды түрде берілген істермен айналысуы, биліктер теңгерімін қамтамасыз етуі, заңдылықты сақтауы тиіс екендігінде», - деді депутат. 

Сондай-ақ депутат Конституцияның 40-бабының 2-тармағына ел Президентінің сайлауын одан әрі заңнамалық реттеу бөлігінде толықтырулар енгізу туралы бастаманы қолдады.

«Президенттік институтының үлкен маңыздылығына сүйене отырып, сайлауда еліміздің конституциясы мен конституциялық заңында қоғам және мемлекет үшін Мемлекет басшысы лауазымына үміткерге қойылатын талаптарға едәуір көңіл бөлінуі тиіс. Осы бапқа редакцияны қолдауды ұсынамын», - деп қорытындылады Ж. Ақылбеков.

Еске сала кетейік, Мәжілісте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде, оның барысында депутаттар конституциялық реформа мәселелерін талқылау үстінде.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар