- Басты
- Жаңалықтар
- 10 сәуірден бастап балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады
10 сәуірден бастап балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады
Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.
«2015 жылы туған балалар үшін 1240 бос орын бар;2014 жылы туғандар үшін 2233 бос орын;2013 жылы туғандар үшін 1340 бос орын;2012 жылы туғандар үшін 1111 бос орын;2011 жылы туғандар үшін 386 бос орын», - делінген хабарламада.
Жалпы Астана қаласы бойынша 6310 бос орын бөлу үшін бар.
Егер бала үш жасқа толып, мектепке дейінгі мекемеге кезегіңіз келмесе, онда мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшадан; төрт жастан бастап шағын орталықтардан орын алуыңызға болады (мекенжайлары, телефондары және алу тәртібі инфографикаларда көрсетілген). Бос орындар туралы барлық ақпарат e.astana.kz жүйесінде орналастырылған.
2017 жылғы 27 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін Карталинская көшесіндегі №61 мектепте жеңілдікке ие азаматтар арасында балабақшаларға бос орындар бөлінеді. Бұл санатқа ҚР БҒМ 25.02.2016ж. №58 бұйрығына сәйкес келесі тұрғындар кіреді: заңды өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандар саналатын балалар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; әскери қызметшілердің балалары; арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.
27 наурызға дейін ата-аналарға жеңілдік санаты бойынша растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттар Астана қаласының Білім басқармасына (Бейбітшілік көш., 11) №718 кабинетке жұмыс күндері сағат 9.00-16.00 аралығында тапсырылады, түскі үзіліс 13.00-14.30.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауында сандық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау, білім беру салаларында да дамыту, «Сандық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау тапсырылды. Елбасы Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге баса назар аударды: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.
2017 жылдың 5 қаңтарынан Астанада балабақшаға жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесі бері пилоттық түрде іске қосылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшаларға электрондық жолдамалар берілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды