- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті 35 өкілеттікті басқарудың төменгі деңгейіне беруді жариялады
ҚР Президенті 35 өкілеттікті басқарудың төменгі деңгейіне беруді жариялады
«Менің тапсырмам бойынша Үкімет заң жобасын әзірледі, ол ҚР Президентінің 35 өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беруді қарастырады. Олардың құрамына экономика, қаржы, мемлекеттік мүлік және әкімшілік-аймақтық мәселелерді қамтиды», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Конституцияға енген өзгертулерге тоқталып, Парламент мен Жоғарғы соттың рөлі артатындығын айтты.
«Бұл өзгертулер енген соң Қазақстан XXI ғасырдың саяси жаңа күнтізбесін бастайды. Жаңа заң ҚР парламентінің мемлекеттік істердегі рөлін арттырып, Үкіметтің құрылуына да қатыстырады. Енді Парламенттің заңнамалық билік екендігі жазылатын болады. ҚР Үкіметінің дербестігі басым бола түседі. Оған экономиканы басқару өкілеттігі де беріледі. Жаңғырту – құқықтық сот жүйесінің конституциялық негізі. Атап айтсақ, жергілікті және басқа да соттардың қызметін бақылаудың орнына, Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды. Осылайша, Жоғарғы соттың кассациялық инстанция ретінде рөлі нығая түседі», - деді Президент.
Н.Назарбаев айтып өткендей, жоғары мемлекеттік биліктің қолданушысы Президент болып қалады.
«Бүгін бізде жоғары мамандандырылған билік тармағы бар, олар өздеріне жауапкершілікті алып, дербес пікір қабылдай алады. Сондықтан, Президент жоғары мемлекеттік биліктің қолданушысы болып қала береді. Оның құзырына стратегиялық қызмет, конституцияны қорғау саласы мен билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас, елдің ішкі саясаты мен сыртқы қауіпсіздігі енеді», - деді Н.Назарбаев.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады