• Басты
  • Шымкенттегі зауыт экспорттық өнім жеткізу үлесін үш еселеуді жоспарлауда
3 Наурыз, 2017 12:58

Шымкенттегі зауыт экспорттық өнім жеткізу үлесін үш еселеуді жоспарлауда

HILL Corporation Қазақстанда базалық майлар зауытын салуды жоспарлап отыр. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «High Industrial Lubricants&Liquids Corporation» ЖШС-ге Ресейге және Орталық Азияның бірқатар елдеріне өнеркәсіптік майлау материалдарын экспорттық жеткізуді жүзеге асыру үшін 3 жылға дейінгі мерзімге 1 млрд теңге сомаға қарыз ұсынды, деп хабарлады «Қазақстан даму банкі» баспасөз қызметінің баспасөз қызметі.
Шымкенттегі зауыт экспорттық өнім жеткізу үлесін үш еселеуді жоспарлауда

Экспорттық операция өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экпортын қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Қазіргі уақытта корпоративтік сектордағы  трансмиссиялық, өндірістік және мотор майларының қазақстандық нарығының 60% дейін, жеңіл және жүк автокөлігіне арналған майлау материалдарының бөлшектік нарығының 10% дейін HILL Corporation үлесіне тиесілі. 

Қаржыландыруды ұсыну өнеркәсіптік техникаға арналған майлау материалдарын өндіру және экспорттау үшін шикізат (базалық майлар, химиялық қоспалар) алуға арналған. «HILL Corporation» қазіргі таңда тау-кен өндіру өнеркәсібі және теміржол салалары кәсіпорындарына арналған майлау материалдарын жеткізуге мамандандырылған Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның трейдингтік компанияларымен 7 000 тонна көлемдік осы экспорттық операция аясында өнім жеткізуге келісімдер жасасты.

«Компания таяу екі жылда майлау материалдарының негізгі түрлерін экспорттық сату үлесін үш есе ұлғайтуды – жалпы өткізу көлемінен 15%-ға дейін, сондай-ақ пайдаланылған майлау материалдарын регенерациялау арқылы иілімді жағармай мен базалық майлардың сериялық шығарылымын жоспарлап отыр, бұл өзіндік құнын орта есеппен алғанда 10%-ға азайтуға, сондай-ақ жақсартылған сапамен және жоғары қосымша құнмен шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл параметрлер экспорттық нарықтардағы өз позицияларымызды бекітуге және нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті HILL Corporation директоры Болат Теңізбаев.

2016 жылдың қорытындысы бойынша компания 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда түсім көлемін 18%-ға ұлғайтып,  9 млрд теңге сомаға шамамен 20 000 тонна жағармайлардың негізгі түрлерін өндіріп, өткізді. Аталған көлемнің 400 млн теңгеден астам сомаға 350 тонна өнімі экспортталды. 2017 жылы кәсіпорын шамамен 30 000 тонна майлау материалдарын өндіруді жоспарлауда, оның 85% астамын ішкі нарыққа жеткізу, қалған көлемін – Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Қытайға экспорттау жоспарланған.

«Қаржыландырылған экспорттық операция қазақстандық шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдаудың басты институттарының бірі ретінде ҚДБ миссиясына сәйкес келеді. Экспорттық жеткізулердің географиясы мен көлемін кеңейте отырып, HILL Corporation, сонымен бірге, дайын өнім өндірісі үшін шикізат импортының орнын басуды жоспарлауда. Компания базалық майлар өндіретін зауыт құрылысын жоспарлап отыр», - деп атап өтті ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Бақытжан Омаров.

Қазақстанның майлау материалдарына қажеттілігі көбіне импорттық жеткізулермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы аталған өнімді ішкі нарықта тұтыну 139 400 тоннаны құрады, оның ішінде импорт 118 600 тоннаны құрады, қалған көлем HILL Corporation тарапынан жеткізулер есебінен қамтылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды