- Басты
- «Нұрлы жол»: Степногорск қаласында су құбыры желілері жаңартылуда
«Нұрлы жол»: Степногорск қаласында су құбыры желілері жаңартылуда

Жобада сорғы жабдығын жиілік түрлендіргіші бар заманауи сорғы қондырғыларымен толық ауыстыру, 4, 6 және 7-ші шағын аудандардың сумен жабдықтау және су тарту желілерін, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын қалпына келтіру, 65 мыңнан астам адамды сумен тұрақты қамтамасыз ету көзделеді.
2016 жылғы қазанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Степногорск қаласы мен Ақсу, Заводской кенттерінің сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңарту жөніндегі екі жобаны іске асыруға Ұлттық қор қаражаты есебінен 2,9 млрд теңге қаражат бөлінген.
Әкімдікте атап өткендей, осы учаскедегі желілер 1964 жылы пайдалануға енгізіліп, олар 97%-ға тозған. Өткен жыл ішінде ғана ағындарды жоюға 7 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Ақсу және Заводской кенттерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жобасы сапалы, қолжетімді және үздіксіз су беру үшін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін құруға бағытталған.
«Су құбыры желілерін қайта құру 3,5 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етеді», - деді әкімдікте.
-
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілуде
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр
-
Азық-түлік бағасы: өсу себептері, тұрақтандыру шаралары, елордадағы арзан азық-түлік сататын орындар
-
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек
-
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді
-
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды
-
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары

