• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады - ҚИДИ

«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады - ҚИДИ

17 Желтоқсан, 2013 10:45
«Өнімділік - 2020» бағдарламасының қолдау құралдарын пайдаланған кәсіпорындарда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады, деп Primeminister.kz «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ (ҚИДИ) басқармасы төрағасының орынбасары Сейтғали Ғалиевке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Барлық жобалар бойынша өнімділікті орта салалық мәннен 1,7-6 есеге арттыру, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру күтілуде»,- деді С.Ғалиев. 

Бұдан өзге, кәсіпорындардағы энергия сыйымдылығын орташа алғанда 10%-ға төмендету жоспарлануда.

Сондай-ақ институт басшысының орынбасары Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалған бюджет қаражатының жалпы сомасы 253,9 млн теңгені құрайтынын атап өтті. Барлығы бағдарламаға 64 жоба енді. 

«Өнімділік 2020» бағдарламасы 2011 жылдан бастап «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің Жолдауы аясында жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның құралдары әрекеттегі кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндірістерді құруға бағытталған.   

 
 
 
 

Барлық жаңалықтар