Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарды

3 Наурыз, 2017 09:29
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 10 жылда 72 жасты құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 6 жылға ұзарған, деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында.

Ведомство басшысы  өткен жылдың жұмыс қорытындысы мен  алдағы жылға қойылған жоспарлармен бөлісті. Министр айтып өткендей, жалпы, денсаулық  саласының    оң  көрсеткіштері артуда.

«Біздің әлі алар асуымыз көп, ЭЫДҰ  елдерінде  өмір сүру ұзақтығы  80  жастан асады.  Ана өлімі  10 жылда  3,5 есеге қысқарды, бұл өте үлкен жетістік. Көрсеткіштің төмендеуіне қарамастан,   сәби  өлім-жітімі  ЭЫДҰ елдеріне  қарағанда 3 есеге жоғары болып отыр.  Әлемдегі көрсеткіш бойынша Қазақстан да қан айналым жүйесі, жүрек талмасы, инсульт,  демалу  органдарының  ауруы бойынша көш бастап тұр», - деді Е.Біртанов.

Қатерлі аурулар себебінен  болатын өлім-жітім  2015 жылмен салыстарғанда төмендеген.

«Көпсалалы ауруханалар  ауыр дертке шалдыққандарды емдеудің әдісін  өзгертеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрі  бұл орайда инфрақұрылымдық  жобалауды қарастырып отыр», - деді ведомство басшысы.

Айта кетерлігі, 2016 жылы  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды,  ол мемлекеттік бағдарламалардың логикалық жалғасы болып отыр.

Сондай-ақ, Е.Біртановтың айтуынша,  мемлекеттік бағдарламаның дамуына сәйкес министрлік  Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің  жаңа моделі  әзірленді.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар