- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы Македония және Түркиямен ынтымақтастық өрістей түседі (ФОТО)
Ақтөбе облысы Македония және Түркиямен ынтымақтастық өрістей түседі (ФОТО)
Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев өңірдің кәсіпкерлік және инвестициялық әлеуеті туралы хабардар етті. Екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары басты әңгіме өзегіне айналды.
Елші Илия Псалтировпен арада облыстың Македониямен өзара экономикалық мәдени байланыстарын одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. Екі жақ пікірі өнеркәсіп, оның ішінде азық-түлік, фармацевтика және медицина, туризм саласында, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық және мәдени байланыстарды нығайту мәселесінде перспективалар бар екендігіне тоғысты.
«Біздің облысымыз — еліміздегі бизнесті ашу және жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған перспективалы өңірлердің бірі. Біз Македонияның әлеуетті инвесторлары мен бизнес қауымдастығы өкілдері үшін тартымды болатын бірқатар жобаларды ұсынуға әзірміз. Сіздің бұл сапарыңыз біздердің іскерлік және мәдени байланыстарымыздың одан әрі дамып, кеңеюіне жағдай жасайды деп сенемін»,— деді елшіге арнаған сөзінде Бердібек Сапарбаев.
Македония республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі өз кезегінде ынтымақтастықты ұлғайту үшін елдер арасындағы визалық режимді оңтайландыру туралы бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін алға тартып, Македония мен Ақтөбе облысы арасындағы байланыстарды дамыту бағытында барлық күш-жігерін жұмсауға әзір екендігін білдірді.
Бұдан кейін облыс әкімінің Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі агенттігінің өкілі Әли Ихсан Чагларменмен кездесуі өтті.
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі агенттігінің филиалдары қазіргі уақытта әлемнің 54 елінде ашылған. Облыс әкімі қонақты өңірдің бәсекеге қабілетті басымдықтарымен және инвесторларға жасалатын артықшылықтармен таныстырды.
«Түркия — Ақтөбе үшін де, тұтастай алғанда Қазақстан үшін де басымдықтағы инвестициялық әріптестердің бірі. Біздің облысымыздың аумағында біраз бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Өткен жылдың қаңтар айында «Hemogens Health Care» түрік компаниясымен Ақтөбеде жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысы туралы келісім-шартқа қол қойылды. Келісім-шарт аясында 2016 жылы толығымен жарақтандырылған 16 реанимобиль жеткізілді, 2017 жылы тағы да 34-і әкелінеді. Егер басқа да түрік инвесторлары біздің өңірде жұмыс істеуге шешім қабылдайтын болса, біз өз тарапымыздан барлық қолдауды жасаймыз», -деді Бердібек Сапарбаев.
Әли Ихсан Чаглармен біздің аймақта шағын және орта бизнесті, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, кәсіби және техникалық білім беру саласында қызметкерлердің біліктілігін көтеру бойынша жобаларды бірігіп жүзеге асыруға Түрік ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі агенттігінің дайын екендігін атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін ұсыныстарды бірігіп әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр