- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажет
Елбасы: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажет
Кездесуде Қ.Қожамжаров Елбасыны агенттіктің қазіргі қызметі туралы хабардар етіп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгізіліп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бонустық жүйесінің маңыздылығын атап өтті.
Қ.Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау барысы туралы хабарлап, аттестациядан өтушілер жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Агенттік төрағасының ақпараты бойынша, бүгінге дейін Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгімелесуден өткен.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы «А» басқарушы корпусын реформалауға қатысты ұсыныстар жөнінде баяндады. Онда қызметкерлердің осы санатына жататын лауазымдар қатарын қысқарту көзделген.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажеттігіне де назар аударды.
«Қылмыстық қудалау тек заң аясында ғана жүзеге асырылуға тиіс. Азаматтарды салмақты негіздерсіз және бұлтартпайтын дәлелдерсіз тұтқындауға болмайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары