- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да биыл 64 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
ОҚО-да биыл 64 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Бағдарламаны насихаттау мақсатында екі ақпараттық топ құрылып, аудан, қалаларда 700-ге жуық азаматтың қатысуымен 15 семинар өткізілген. Түсіндіру жұмыстарына ауыл әкімдері, жұмыспен қамту саласы мамандары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан.
Аталған бағдарламаның іске асыру мерзімі 2017 - 2021 жылдары, негізгі мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады және олардың әкімшілері белгіленген.
Бірінші бағыт-«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».
«Бұл бағдарламаны облыстық білім мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үйлестіруі тиіс. 2017 жылы 11437 адамды оқытуға 2894,1 млн. теңге бағытталып отыр», - деді Дархан Амангелдіұлы.
Айта кетейік, бағдарлама аясында 2,5 жыл ішінде техникалық және кәсіптік біліммен 4584 адам қамтылатын болады. Сондай-ақ, 6853 адам мерзімді кәсіптік оқытуға тартылады.
Екінші бағыт - «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Бұл бағытта 1440 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 2075 адам шағын несиеге қол жеткізбек. Жалпы, осы бағытпен 3515 адамды жұмыспен қамту көзделіп, 8065,0 млн.теңге қарастырылып отыр.
Үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту». Осы бағытпен 49 362 адамды еңбекпен қамтылмақ. Бұл мақсатқа 2162,3 млн. теңге қаралған. Жоспар бойынша тұрақты және уақытша жұмыспен 35198 адам қамтылатын болады. 2017 жылға облыстық жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бекітіліп, барлығы 64 314 адам жұмысқа орналаспақ. Оған республикалық бюджеттен 13121,4 млн.теңге бөлінген.
Нәтижесінде 2017 жылы облысымыздағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыздан аспайды. Негізгі, орта, жалпы және бастуыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 27 пайызды құраса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесін 5,6 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді