• Басты
  • Қазақстан ЭЫҰ елдеріне өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды
2 Наурыз, 2017 18:27

Қазақстан ЭЫҰ елдеріне өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Исламабадта ел басшыларының - Экономикалық ынтымақтастық ұйым мүшелерінің (ЭЫҰ) 13-ші саммитіне қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Қазақстан ЭЫҰ елдеріне өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды

Саммитке Иран, Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан мен Тәжікстанның мемлекет басшылары, Пәкістан және Қырғызстан елдерінің Премьер-Министрлері, Ауғанстанның сыртқы істер министрі, Өзбекстанның Вице-Премьері қатысты.

Елбасы тапсырмасымен еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысты.

ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мүше елдердің сенімді әріптестік және өзара түсіністік, сондай-ақ, тепе-теңдік қағидатына негізделген. Ұйымның не­гіз­гі міндеті –аймақтың экономикалық да­муы үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі қатынастарды өзара ынтымақтастыққа негіздей отырып, әлеуметтік, мәдени, ғы­лыми-техникалық салаларды дамыту, мү­ше елдерді уақыт талабына сай интегра­циялау болып табылады.

Саммит барысында Қазақстан тарабы өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды.

Бірінші бағыт – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі кезде, Қазақстан трансмагистральді автомобильдік және темір жол құрылысын кең ауқымда жүргізіп жатыр. Бұл ЕЭО-тың ауқымды жобаларын интеграциялауға және Жібек жолы Экономикалық белдеуі жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін ЭЫҰ-на мүше барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейту үшін пайдалану ұсынылды.

Екінші - аймақтық сауда-саттықты ынталандыру және ұлттық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын кеңейту. Бұл бағытта мультимодальдық тасымалдауды бірігіп ұйымдастыру және транспорттық инфрақұрылымның тармақталған желісін құру қажет.

Бұл орайда, Қазақстан ЭЫҰ елдерін байланыстыратын және Еуразияның басқа да нарығымен жалғастырушы көпір рөлін атқарады.

Үшінші -  энергетикалық қауіпсіздік. Энергетикалық нарықтағы транспаренттілік мәселелерін қарастыруда және осы салада жаңа технологияларды енгізуде ынтымақтасу.

Төртінші - 2018 жылдан бастап, ағылшындық құқық негізінде толықтай іске қосылатын Астана Халықаралық қаржылық орталығы аясындағы қарым-қатынас.

Саммит барысында, Вице-Премьер қатысушыларды 2017 жылдың қыркүйек айында Астанада алғаш рет өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы­ның Ғылым және технология саммитіне шақырды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды