- Басты
- Жаңалықтар
- Корея министрі: Астана хабы – мемлекеттік қызметті дамытудың бірегей тұғырнамасы
Корея министрі: Астана хабы – мемлекеттік қызметті дамытудың бірегей тұғырнамасы
Кездесу барысында Алихан Байменов Корея Республикасы мен Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдерін қоса алғанда 36 мемлекет қатысатын Астана хабы арасындағы ынтымақтастықтың белсенді дамып отырғанын атап өтті. «Хаб аймақ елдері үкіметтеріне мемлекеттік қызметті дамытуға ғана емес, озық тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді таратуға да қолдау көрсетеді», - деді Алихан Байменов.
Ким мырза білім мен тәжірибе алмасудың халықаралық тұғырнамасы ретіндегі Хабтың қызметіне жоғары баға беріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді. «Хаб - мемлекеттік қызметті дамытуда бірегей әрі пайдалы тұғырнама. Біз осы алаңда өз тәжірибемізбен басқа аймақ елдерімен бөлісуге даярмыз және сол арқылы жаңа тәжірибе жинақтағымыз келеді», - деді Ким мырза.
Кездесу барысында тараптар Астана хабы ауқымында Корея Республикасы тәжірибесі негізінде бірлескен тақырыптық зерттеулер мен Хаб қатысушы елдері мемлекеттік қызметкерлерінің әлеуетін арттыру бойынша шаралар өткізу, сарапшылар желісін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен бірге олар адам ресурстарын дамыту, инновациялық жобаларды енгізу, талант-менеджмент пен мемлекеттік қызмет құндылықтары жүйесін дамытуға байланысты пікір алмасты.
Корея Республикасы – аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуда институционалды алаң саналатын Астана хабының белсенді қатысушысы және құрылтайшыларының бірі.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты