• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы «Өнімділік - 2020» бағдарламасы бойынша 13 жоба мемелекеттік қолдауға ие болды - ҚИДИ

2013 жылы «Өнімділік - 2020» бағдарламасы бойынша 13 жоба мемелекеттік қолдауға ие болды - ҚИДИ

17 Желтоқсан, 2013 10:15
2013 жылы «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылды, деп Primeminister.kz «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сейтғали Ғалиевке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«2013 жылы 36,4 млрд теңге сомаға 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде талшықты-оптикалық кабельді өндіру бойынша зауытты кеңейту, Қызылордада үй салу комбинатының құрылысы, жол қоршаулары өндірісін жетілдіру, Қарағанды облысында

шарлы шүмектерді өндіру бойынша зауыт салу, Астана қаласында металл құрылымын өндіру бойынша зауыт салу және басқалары сияқты жобалар бар», - деді С.Ғалиев. 

Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары және Астана қаласындағы кәсіпорындар белсенділік танытқанын айта кету керек.    

Сондай-ақ жүзеге асыру кезеңінде бағдарламаға 189,031 млрд теңге сомаға 64 жобаға енді.  

«Өнімділік 2020» бағдарламасы 2011 жылдан бастап «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің Жолдауы аясында жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның құралдары әрекеттегі кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндірістерді құруға бағытталған.   

 
 

Барлық жаңалықтар