Ақмола облысында биыл МЖӘ бойынша 6 жоба жүзеге асырылуда

2 Наурыз, 2017 21:02
Ақмола облысында МЖӘ бойынша 52 жобаның 6 жобасын 2017 жылы жүзеге асыру қарастырылған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінде  өңірде МЖӘ дамыту бойынша  өзекті мәселелерді талқылауға арналған отырыс  өтті.

Атап айтсақ, шағын типтік  жобаларға арналған үрдістерді  жеңілдету мүмкіндігі қарастырылды. Сондай-ақ, МЖӘ механизмдерінің аспектілерін жүзеге асыру: дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің  құрылысы мен пайдалануға беру, дәрігерлік амбулаторияны қолданысқа беру, студенттік жатақхананы қолданысқа енгізу,  балабақша салу.

Өңірде МЖӘ-ні жүзеге асырудың табысты мысалы  Степногор қаласында «Ертегі» балабақшасын пайдалануға беру.

Айта кетейік, Елбасы өз Жолдауында екінші басымдық аясында МЖӘ-ні дамытуға ерекше мән берген болатын. 

Барлық жаңалықтар