- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында көмір қыртысынан метан өндіру мен барлау бойынша екі жоба жүзеге асырылуда
Қарағанды облысында көмір қыртысынан метан өндіру мен барлау бойынша екі жоба жүзеге асырылуда
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қарағанды көмір бассейнінде көмір қыртысынан метан өндіру және барлау бойынша жоба жүзеге асырылуда. ӘКК портфелінде осы бағытта төрт жоба қолға алынған. Атап айтқанда, Шерубай-Нұра, Талдықұдық, Тентек және Қаражаршахан учаскелері. Болжамдарға сәйкес, аталған учаскелердегі метан ресурстары шамамен 150 млрд. текше м», - деді Сергей Касимов ӘКК ірі жобалары туралы баяндамасын таныстыру кезінде.
Шерубай-Нұра учаскесінде жобаны «ҚазТрансГаз» АҚ жүзеге асырады, деді ол. Мұнда 8 ұңғыма бұрғыланды, соның ішінде бесеуі тәжірибелік-өнеркәсіптік және үшеуі барлау мақсатында.
«Іріктелген керн халықаралық зертханаларда зерттелді, олардың нәтижесі бойынша учаскенің перспективтілігі расталады. Қазіргі кезде метан өндірудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде және оның қорын есептеу жүргізілуде. Жоспар бойынша, есептер 2017 жылдың екінші тоқсанының соңында дайын болуы керек. Нәтижелерді алған соң «ҚазТрансГаз» Шерубай-Нұра учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу туралы мәселені қарастырады», - деді баяндамашы.
Талдықұдық учаскесінде бұрғыланған ұңғымаларды игеру жүргізілуде. 2016 жылы көктемде метан қоры 1,7 млрд. текше м көлемінде бекітілді.
«Басқа екі учаскеде инвесторларды іздеп жатқандықтан, жұмыстар жүргізілмей жатыр. Келісімшарттың әрекет ету мерзімін ұзарту керек. Аталған жобалар бойынша геологиялық жұмыстарды одан әрі жүргізу үшін 5,8 млрд. теңге мөлшерінде ақша қаражатын бөлуге өтінім дайындалды және бағытталды. Қазіргі кезде осы жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды анықтау бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді Сергей Касимов.
Жалпы, «Сарыарқа» ӘКК портфелінде жер қойнауын пайдалану саласында - 63 жоба бар, соның ішінде 21-і – өндіру, 42 – барлау. 55 жоба бойынша құны 5 млрд. теңгеден асатын жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттар жасалады. Бірлескен кәсіпорындар 28 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие болды.
Қарағанды облысында 300 жуық келісімшарт жасалды. Соның ішінде 200-і – қатты пайдаалы қазбалар, 66-сы – жалпыға тараған пайдалы қазбалар бойынша.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері