- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Түркиямен оқу-жаттығу өткізуде қолдау көрсету туралы меморандумды мақұлдады
Сенат Түркиямен оқу-жаттығу өткізуде қолдау көрсету туралы меморандумды мақұлдады
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев таныстырды. Меморандумға 2016 жылдың 20 қаңтарында Анкарада қол қойылды.
«Құжаттың мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар оқу-жаттығу өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындайды», - деді М.Майкеев.
Меморандумның ережелеріне сәйкес, оқу-жаттығу өткізу барысында қабылдаушы тарап жіберуші жақтың бөлімшелеріне техника мен қару-жарақты әкелуде, мемлекет ішінде алып жүруде, жолдарды пайдалануда рұқсат етеді. Сондай-ақ жеке құрамды қамтамасыз етіп отырған сапада жіберуші тараптың бөлімшесін тегін орналастырады.
«Өз кезегінде жіберуші тараптың бөлімшесі қабылдаушы мемлекеттің заңнамасын және оқу-жаттығуларды өткізудің жоспарында нақтыланған рәсімдерді сақтайды. Сондай-ақ әскерлердің арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн»,-деді ол.
Ақбота Күзекбай
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi