- Басты
- Жаңалықтар
- ДСМ денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру туралы 2094 ұсыныс алды
ДСМ денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру туралы 2094 ұсыныс алды
Шара барысында 800-ден астам азаматтар мен ұжымдардың атынан денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру туралы 2094 ұсыныс келіп түсті.
Бұл ұсыныстар орындалу мерзіміне қарай жоғары (қысқа мерзімді), орташа (орта мерзімді) және ұзақ (ұзақ мерзімді) деп 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа келіп түскен сауалдардың көпшілігі медициналық қызмет, пациенттердің құқығы, емдеу тактикасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен туындаған. Мұндай ұсыныстар жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізу немесе медициналық мекемелердің сall-орталықтары арқылы түсініктеме беру арқылы жүргізілетін болады.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы орта мерзімді және ұзақ мерзімді ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жіберді.
Сауалнамада ел тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Азаматтардан барлығы 500-ден аса өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің қызметкерлерінен, заңды тұлғалардан да ұсыныстар болды. Медициналық қауымдастық өкілдерінің саланы жетілдіру туралы құнды ұсыныстары Іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Науқан медициналық қызмет сапасын жақсарту; медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру мен олардың құқын қорғау; жұмыс үдерісін автоматтандыру мен ақпараттандыру; электрондық карталар, диагностиканың жаңа әдістерін енгізу сынды өткір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
«Кейбір ұсыныстар стратегиялық мазмұнда емес, нақты медициналық мекеменің жұмысын әрі қарай жақсартуға бағытталған»,-деп атап өтті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының қызметін атқарушы Айнұр Айыпханова.
«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының аясында халықпен және медициналық қауымдастықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда ДСДРО 100@rcrz.kz электрондық поштасы арқылы тұрақты жұмыс істейтін кері байланыс арнасын орнату мүмкіндігі қарастырылуда. Алайда, жеке жағдайларға қатысты медициналық ұйымдардың сall-орталықтарына хабарласқан дұрыс», -деді Айнур Айыпханова.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс