- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдық аграршыларға 15 500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінеді
Жамбылдық аграршыларға 15 500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінеді
Ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізіліп, бірегей және элиталық тұқымдар сатып алуға да субсидиялар қаралуда және субсидия көлемі 70 пайызға дейінгі мөлшерде қалып отыр. 2017 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлығы 185,8 млн. теңге бөлінді.
Оның сөзіне сүйенсек, үкімет тарапынан арзандатылған тыңайтқыштарға – 749 млн. теңге, гербициттерге - 53 млн. 500 мың теңге және басым дақылдарға - 2 млрд. 500 млн. теңге қаржы қаралған.
Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау барлық ауданда жоспарға сәйкес жүргізілуде.
«Аудандардың берген мәліметі бойынша 5751 трактордың 4642 данасы яғни, 83 пайызы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дайындық сапына қойылса, оның ішінде, доңғалақты тракторлардың дайындығы - 85 пайызды құрайды. Қолда бар соқалардың - 87 пайызы дайын болса, тырмалардың - 92 пайызы, қопсытқыштардың - 85 пайызы, дән сепкіштердің - 84 пайызы, тұқым дәрілегіштердің - 84 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын, - делінген хабарламада.
ҚР Үкіметі тарапынан облысқа көктемгі егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 15500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, оның 12 500 тоннасы наурыз айына, 3 000 тонна мамыр айына қаралған.
«Дизель отынының бағасы 1 тоннаға 127 мың теңге болып бекітіліп, қазіргі уақытта белгіленген операторлар бойынша аудандардың егіс көлеміне сәйкес бөлінген есебі облыстық энергетика басқармасына жолданды», - деп баяндады басқарма орынбасары Е.Анабеков.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты