- Басты
- Новороссийск портында қашаған мұнайының бірінші партиясы тиелді
Новороссийск портында қашаған мұнайының бірінші партиясы тиелді

Мұнайдың осы партиясын жеткізу 2017 жылғы қаңтарда басталып, шикізат сапасының сақталуымен «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі Атырау – Самара мұнай құбыры жаңа бағдары бойынша алғаш рет жүргізіледі.
«Осы уақытқа дейін Атырау – Самара мұнай құбыры бойынша қашаған мұнайының алғашқы партиялары қазақстандық мұнайдың басқа сұрыптарымен бірге жеткізіліп, кейін ресейлік Urals-пен бірге «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша тасымалданған. Осы ретте аз күкіртті сібір жеңіл мұнай ағымындағы жеткізілімдер нетбэгі Urals-пен салыстырғанда едәуір жоғары, бұл отандық мұнай компаниялары және жалпы Қазақстан үшін едәуір тиімді. Болашақта шикізат сапасы сақтала отырып, қашаған мұнайын тасымалдауға мүмкіндік беретін жаңа бағдар бойынша басқа қазақстандық кен орындарының жеңіл мұнайы жеткізіледі деп күтілуде», – деп түсіндірді компанияда.
Бұрын хабарланғандай, Новороссийск портында қашаған мұнайын танкерге тиеу 22–23 ақпанда жоспарланған болатын, алайда, ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты кейінге қалдырылған.
Еске сала кетейік, Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнай қабылдау 2016 жылғы 11 қазанда басталған еді. 2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қашаған мұнайын қабылдау 239 мың тоннаны құраған.
-
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді
-
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды
-
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды
-
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі
-
ҚКХ партиясы үкіметтен несие рақымшылығын жасауды талап етті
-
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады

