- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Шымкентте 1600-ға жуық коммуналдық пәтердің кілті табыс етіледі
Биыл Шымкентте 1600-ға жуық коммуналдық пәтердің кілті табыс етіледі
Мәлімет бойынша, Шымкент қаласының құрылыс бөлімі 2016 жылы 60 нысанның құрылысын жүргізіп, 15 нысанды пайдалануға тапсырған.
"2017 жылы бюджеттен 13,5 млрд теңге қаржы қарастырылып, 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 11-і (558 пәтер) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асады деп жоспарланған. Ал 1600 пəтерді құрайтын 13-і коммуналдық (арендалық) тұрғын үй бағдарламасымен пайдалануға берілетін болады. Бұған қоса, "Shymkent city" шағынауданында 9 қабатты 5 тұрғын үйдің (пәтер саны-270) құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды", - деді Ғ. Әбдірахымов.
Жиында кезекте тұрған азаматтарға пәтер беру мəселесі де қаралды. Ғ. Әбдірахымов баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құруды және "Шаңырақ" бағдарламасына ерекше көңіл бөлуге нұсқау берді.
Сондай-ақ, қала әкімі жиында инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу жұмыстарының атқарылу барысын ортаға салды. 2016 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 6,5 млрд теңге қаржы қарастырылып, Шымкент қаласы бойынша 12 инженерлік жүйенің құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 3 нысан пайдалануға берілді. Тәжібай Дүйсенұлының баяндамасына сәйкес, 2017 жылы 9 нысанның құрылысына 5,4 млрд теңге қаралды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда