- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтті (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Алғыс айту күнін атап өтті (ФОТО)
Шымкенттегі «Royal rose» салтанат сарайында ұйымдастырылған шара, ең алдымен, 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен бастауын алып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды.
Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.
«Қадірлі жерлестер! Кешірім – адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз – бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. Осы сәтті пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық құрамының мүшесі, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочорошвили сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғысын білдірді.
Іс-шарада кезінде тағдыр тәлкегімен қазақ еліне келген барша этностардың қоныстануы туралы тарихи мәліметтер арқау болған «Бауырмал ел – Қазақстан!» тақырыбында театрландырылған-сахналық қойылым көрсетіліп, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған, қазіргі кезде алыс және жақын шет елдерде тұратын бірқатар азаматтардың тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды.
Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»