• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының жаңа нысандары іске қосылды

Қарағанды облысында «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының жаңа нысандары іске қосылды

16 Желтоқсан, 2013 12:30
Қарағанды облысында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС «Атасу-Алашанькоу» магистральді мұнай құбырының № 8, 10 мұнай сору станциясын қабылдап алды, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Кәсіпкерлікте екі жаңа бекеттің құрылысы Қазақстан-Қытай магистральді мұнай құбыры құрылысының екінші кезеңі аясында іске асырылып отыр. Аталмыш нысандардың іске қосылуы магистральді мұнай құбырының тасымалдау қуатын жылына 20 млн тоннаға дейін арттырады», -делінген хабарламада.

Мұнай сору нысаны заманауи құрылғылармен жарақтандырылған. Ондағы барлық техникалық талаптар сақталатыны жайлы хабарлайды ақпарат агенттігі.

Жаңа нысандардың іске қосылуымен 124 жаңа жұмыс орны ашылды. Онда жергілікті халық жұмыспен қамтылады.

Барлық жаңалықтар