• Басты
  • Семейді дамытудың үш жылдық арнайы жоспары қабылданды
1 Наурыз, 2017 16:52

Семейді дамытудың үш жылдық арнайы жоспары қабылданды

2019 жылға дейін Семей қаласының барлық көшелері мен демалыс орындары көркейтіліп, жылу жүйелері жаңартылып, кәзір жүйелері дюкерлерінің мәселелері шешіліп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мың орындық мәдени-спорттық кешен салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Семейді дамытудың үш жылдық арнайы жоспары қабылданды

Осы және басқа да ауқымды оң өзгерістер Семейде алдағы үш жылға арналған даму жоспарының аясында іске асырылады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің Семейде өткен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көшпелі мәжілісінде белгілі болды.

«Семейді дамытуға арналған үш жылдық жоспар қаланың ерекшеліктері ескеріліп, қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Осыған дейін облыстық бюджетке аударылатын қаражат, қалалық бюджетте қалдырылып келеді. Соңғы үш жылда қала бюджеті 55 %-ға артқан. Біз, қала басшылығынан Жоспарды іске асыруға өте жауапкершілікпен қарауды талап етеміз! Сұрау қатаң болады. Күн сайын өз әкімдеріңізден талап етіңіздер!»- деді, облыс әкімі Даниал Ахметов.

2017-2019 жылдарға арналған Семейді дамытудың ауқымды жоспары негізгі 4 бағытты қамтиды. Бұл тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік саланы, ішкі инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту. Ауқымды өзгертулерді іске асыруға түрлі қаржы көздерінен 113 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Жыл сайын қаланың жолдарын жөндеуге 1 млрд. теңге бағытталатын болады. Үш жылда ұзындығы 75 км құрайтын 48 көшені жөнделеді. Семейді дамыту жоспарында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінен қаражат тарту қарастырылуда. Инвестиция есебінен 25,7 км жылу жүйелері жаңартылып, ескі құрылғылар ауыстырылады.   2016 жылыЕуропалық Қайта құру және Даму Банкінің көмегімен 2,6 млрд теңгеге 17 км жылу жүйелері ауыстырылды.

Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелері де жаңғыртылмақ. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы қала тұрғындарын алаңдатқан ұзындығы 1,6 км құрайтын кәріздік дюкер жөнделеді.

Семейдің әуежайы күрделі жөндеуден өткізіледі. Ұшу-қону жолағы ұзартылып, халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі. Жобаның жалпы құны 10,4 млрд теңге.

Семей қаласында құрылыс саласы дами түспек. Өткен жылы 51,2 мың шаршы метр болатын 12 көппәтерлі үй салынды. Бірақ, бұл да аздық етуде. Семейді дамыту Жоспарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы мен оларға инженерлік желілерді тарту үшін түрлі қаражат көздерінен 28,1 млрд теңге жұмсалмақ.

 Көпқабатты тұрғын үй құрылысы толықтай Қарағайлы шағын ауданында жүргізіледі. 18 көпқабатты үйдің құрылысы 11,1 млрд теңге көлемінде даму институттарының қаржысын тарту есебінен жүргізілмек. 20 үйдің құрылысына 9,5 млрд теңге көлемінде республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар, қаланың Қарағайлы шағын ауданында 2017 жылы бірегей «Абай Арена» мәдени-спорттық орталығының құрылысы басталмақ

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды