- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды
Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды
Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.
Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал 1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.
Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды