- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Павлодар облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру бағдарламасы аясында 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаппасов Балтабайдың ақпараты бойынша Бағдарламаның негізгі міндеті жұмыссыз және өздігімен жұмыс істейтін азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтып, тұрғындардың осы санатының табыстарын арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда облыс бойынша 29,6 мың адам жұмыссыз және өздігімен жұмыс істейтіндер ретінде тіркелген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге бөлінді. Бұл соманың 1,9 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер болса, қалған 1,2 млрд теңге - республикалық бюджеттің қаржысы.
«Басты міндет – еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын мамандар әзірлеу. Яғни, жұмысшыларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарда және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдар мен қалаларда шағын несие беру ісін кеңейту, жұмыссыздар мен өздігімен жұмыспен қамтылғандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру және жұмыспен қамту саласында бірыңғай сандық деректер базасын құру», - деді Б.Қаппасов.
Ағымдағы жылы жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жаңа талаптардың негізінде жаңғыртудан өткізіледі. Жұмыспен қамту орталықтарының тиімділігі олардың азаматтарға көмек берудегі нәтижесі бойынша қаралып, орталық қызметкерлерінің жалақысы да осыған байланысты есептелетін болады.
Бағдарламаның екінші бағытының координаторы – Ауыл шаруашылық басқармасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы азаматтарға агроөнеркәсіп саласында шағын несие берумен айналысады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды