• Басты
  • Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен 700 мыңға жуық іскер әйел айналысады
1 Наурыз, 2017 15:34

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен 700 мыңға жуық іскер әйел айналысады

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен 70 000 жуық іскер әйел айналысады, деді ОКҚ брифингінде Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен 700 мыңға  жуық іскер әйел айналысады | Strategy2050.kz

«Қазақстан әйелдерінің өмірлік ұстанымы күн сайын белсенді болып келе жатқанын көріп отырмыз. Бизнес жайында айтқанда, кәсіпкерліктегі әйелдер үлесі айтарлықтай өсті. Сандарды сөйлетсек, бүгінде кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі шамамен 50%, ал мемлекеттің ЖІӨ құраудағы салымы – 40%. Мұндай жақсы көрсеткіштер Елбасының жүргізіп отырған саясаты мен мемлекеттік қолдаудың арқасында орын алып отыр», – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова.

Оның айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы 2016 жылы алғаш рет пилоттық режимде Қазақстанның 6 өңірінде бизнесті микронесиелеу бағдарламасын іске қосты. Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы Өңірлік кеңестер осы жобаның жүзеге асырылуында белсенді жұмыс атқарып келеді.

Бизнеске сервистік қолдау көрсету бойынша өткен жылы әйелдерге 18 мың қызмет көрсетілген. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша моноқалалар мен аудандарда 45 мыңнан астам әйелдерге мағлұмат берілген. Сонымен қатар, «Бизнес-мектеп» қызметі аясында 80 мың әйел оқытылған.

Қазақстан азаматтарының 9 128 098 (52%) саны әйелдер. Олардың ішінде 16 жастан 62 жас аралығында еңбекке жарамдылары – 5 323 439 (50%). Ал шағын және орта кәсіпкерлікті 697 355 (42%) әйел басқарады. «Атамекен» ҰКП 17 666 кәсіпкер әйелге сервистік қолдау көрсетсе, 45 501 әйелге ақпараттық қолдау жасады.

«Іскер әйелдер кеңесінің жұмысынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жалғыз ұста әйел Светлана Кошелеваның ісі айрықша мысал бола алады. Іскер әйелдер кеңесінің Көкпекті ауданындағы бөлімшесінің белсенді жұмысы мен қолдауының арқасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 2 миллион сомасында несие алып, өзінің шағын цехын ашып, темірде соғылған 10 түрлі бұйым дайындайды. Мұндай шеберлік ескерусіз қалмады. Шеберлер «Жаңа өнім» аталымымен марапатталып, сый-сыяпаттарға ие болды», – деді Ләззат Рамазанова.

Брифингте атқарылған жұмыстардың есебін берген іскер ханымдар алдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, барлық іскер-әйелдерді бірігуге шақырды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды