- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» инвесторлар мен трансұлттық компанияларға қордың даму стратегиясын таныстырды
«Самұрық-Қазына» инвесторлар мен трансұлттық компанияларға қордың даму стратегиясын таныстырды
««Самұрық-Қазына» компаниялар тобы активтеріне инвестиция жасаудың ерекше мүмкіндігі бар, себебі Қор еліміздегі түрлі салалардағы ірі кәсіпорындардың басын біріктіріп отыр», - деп атап өтті, Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
«Қор трансформациясы сол активтерді тартымды қылуға бағытталған. Бүгінде Қазақстан мен «Самұрық-Қазына» АҚ активтері, өткен жылдармен салыстырғанда, инвестиция үшін ең сенімді таңдау болып саналады. Мысал үшін, соңғы екі жылда Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингінде, 190 елдің ішінде 51-орыннан 35-орынға көтерілді.
Қор өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ 2016-2020 жылдардағы активтерін жекешелендіру бағдарламасы туралы әңгімеледі. Басты мақсаттардың бірі –ЭЫДҰ елдері стандарттарына сәйкес мемлекеттің экономикадағы үлесін 15%-ға дейін қысқарту.
«Қазіргі уақытта Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру департментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.
«Бағдарлама аясында 217 актив, екі тізбеге бөлініп сатылады. Бірінші тізбеде 45 ірі компания бар. Оның ішінде, «Қазатомпром» АҚ, «Эйр Астана» АҚ IPO-ға шығарылатын компаниялар тізімінде. Акцияларды орналастыру туралы шешім көптеген факторларға байланысты: макроэкономикалық ахуал, құнды қағаздар нарығындағы жағдай мен компаниялардың дайындығы. Қазіргі кезде біз IPO-ға дайындықтың алғашқы кезеңінде – инвестициялық банктерді таңдау мен компаниялар дайындығын жалпы бағалау кезеңінде тұрмыз.
2016 жылы Қор екінші тізбедегі активтердің 75%-ымен жұмыс істеп (172 ұсақ және орта кәсіпорындар), Мемлекеттік комиссияның келісімі бойынша оларды сатуға кірісті. Ірі активтерді сатуды 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қоса, шарада Қордың дамушы салалардағы болашағы бар жобалары таныстырылды.
«Қор активтері қоржынында алдағы 5 жылда айтарлықтай өсу мүмкіндігі бар төрт компания дамып келеді», - дейді «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең-басқарушы директор Е.Тұтқышев.
Соның бірі «Біріккен химия компаниясы» (БХК) мұнай-газ қорын мұнай-химия өндірісі есебінен тиімді пайдалануға күш салады. БХК мемлекет қолдауы арқылы Атырауда мұнай-химиялық кластерді дамытып жатыр, онда инвесторларға дайын өнім мен еркін экономикалық аймақтың өзге де жеңілдіктерін ұсынады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді